Ақтөбе облысында полицияларды өлтірген күдіктілер ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында полицияларды өлтірген күдіктілер ұсталды

Ақтөбе облысында полицияларды өлтірген күдіктілер ұсталды

Ақтөбе облысында полиция қызметкерлерін өлтіруге қатысы бар ұйымдасқан қылмыстық топтың (ҰҚТ) тағы 2 мүшесі ұсталды, деп мәлім етті Ішкі істер министрінің (ІІМ) бірінші орынбасары Марат Демеуов.

  • 11 Шiлде 2011
  • 624
Фото - Caravan.kz

«Бүгін таңертең ғана екі адам басқа жерден ұсталды. Қылмыстық топ 11 адамнан тұрған», — деді М.Демеуов дүйсенбі күні арнайы баспасөз мәслихатында.

Ол бұдан бұрын Кеңқияқ елді мекенінде Ақтөбе облысында полицейлерді өлтірді деген 9 күдіктінің көзі құртылды. Оның 7-еуінің есімдері анықталды, екеуінің аты-жөні анықталып жатыр.

Бұрын хабарланғандай, еліміздің бірнеше аймағының полициясы Ақтөбе облысында тәртіп сақшыларын өлтірген қылмыскерлерді іздестіріп жатыр.

ІІМ ақпаратына сәйкес, аймақтық ішкі істер органдары ІІМ-нің «Сұңқар» (ІІМ арнайы мақсаттағы жасағы), «Бүркіт» «ІӘ арнайы мақсаттағы жасағы), «Арлан» (облыстық ІІД арнайы жасағы) және жедел әрекет етуші арнайы отряды бөлімшелерімен бірлесіп, олардың жүруі мүмкін жерлерін тексеріп жатыр.

Шұбаршы, Кеңқияқ, Соркөл және Құмсай ауылдарында жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында бірнеше тегіс ұңғымалы және шолақ қару тәркіленген.

Бұрын хабарланғандай, 30 маусымда сағат 20 шамасында Темір АІІБ Кеңқияқ полиция тірек бекетінің патрульдік-бекеттік қызметінің сержанттары Нұрлан Алпысбай мен Айдос Боранбаев УАЗ көлігімен Темір ауданының Шұбаршы ауылында патрульдеу кезегіне кіріскен. А. Мәмбетовтың Mitsubishi Delica көлігіне мінген қарулы адамдар полиция бекетіне келіп, қызметтік көлікке белгісіз қарудан оқ жаудырған.

Тәртіп сақшыларын өлтіру фактісі бойынша ҚР ҚК 96 б. 2 б. «екі және одан да көп кісіні өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Кейін тәртіп сақшыларын өлтірді деген күдіктілерді ұстау операциясы кезінде арнайы жасақтың бір қызметкері қаза болып, үшеуі жарақат алған. Ақтөбе облысының ішкі істер департаменті (ІІД) полицейлерді өлтірген қылмыскерлер туралы ақпарат үшін $100 мың ұсынып отыр.

Соңғы жаңалықтар