Ақтөбе облысында Қарғалы аудандық сотының бұрынғы төрағасы алты жылға бас бостандығынан айырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында Қарғалы аудандық сотының бұрынғы төрағасы алты жылға бас бостандығынан айырылды

Ақтөбе облысында Қарғалы аудандық сотының бұрынғы төрағасы алты жылға бас бостандығынан айырылды

Ақтөбе. 21 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе облысында Қарғалы аудандық сотының бұрынғы төрағасы алты жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Ақтөбе облысының прокуратурасына сілтеме жасай отырып.

  • 21 Тамыз 2008
  • 487
Фото - Caravan.kz

Ақтөбе облыстық прокуратурасының қылмыстық істер бойынша сот үкімдерінің заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры Айгүл Ахметованың мәліметтеріне сүйенсек, бұрынғы судья осыдан бірнеше ай бұрын 60 мың теңге пара алып жатқан жерінен ұсталған.

Ақтөбе қалалық №2 соты судьяның ісін қарап, оны жауапты мемлекеттік қызметкердің пара алуына айыпты деп тауып Қарғалы аудандық сотының бұрынғы төрағасы Нұрлан Өтепбергеннің мүлкін тәркілеп, алты жылға бас бостандығынан айырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар