Ақтөбе облысында құрт ауруымен науқастану деңгейі 20 пайызға төмендеді - kaz.caravan.kz
  • $ 509.94
  • 593.88
-3 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында құрт ауруымен науқастану деңгейі 20 пайызға төмендеді

Ақтөбе облысында құрт ауруымен науқастану деңгейі 20 пайызға төмендеді

АҚТӨБЕ. 14-ақпан. Kazakhstan Today. Ақтөбе облысында құрт ауруымен науқастанудың тұрақты төмендеуі байқалады. Бұл туралы бүгін облыстық денсаулық сақтау департаментінің алқа мәжілісінде ведмоствоның бастығы Қайрат Сабыр мәлімдеді.

  • 15 Ақпан 2007
  • 465
Фото - Caravan.kz

Оның мәліметтеріне сүйенсек, өткен жылы 1129 өкпе құртымен науқастану оқиғасы анықталған, ал 2005 жылы бұл көрсеткіш 1422 құраған болатын. «Сондықтан, 2006 жылдың қорытындысы бойынша бүгінгі күні аймақта құрт ауруымен науқастану деңгейі 20 пайызға төмендеп, облыс республика бойынша жетінші орыннан бойы көрсетті»,- деді Қ. Сабыр. Сонымен қатар, аталмыш дертке шалдығу жасөспірімдер арасында 24 пайызға төмендесе, балалар арасында 35 пайызға төмендеп отыр, деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау департаментінің басшысы.

Қ. Сабыр бұл көрсеткіштер құрт ауруымен науқастану деңгейі бойынша алда келе жатқан соңғы жылдардағы облыстық денсаулық сақтау органдарының жұмыстарындағы «ең үлкен жетістік «, деп санайды.

«Егер осы ағым сақталып қала берсе, онда 5-6 жыл ішінде біздің фтизиатрлар құрт ауруымен науқастану ахуалын тұрақтандыруға қол жеткізеді»,- деді ол.

Қазіргі уақытта, Ақтөбе облысында құрт ауруымен науқастанғандардың саны шамамен 3,9 мыңдай деп есептелуде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті