Ақтөбе облысында құрт ауруына шалдыққан балалардың саны екі есе артты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында құрт ауруына шалдыққан балалардың саны екі есе артты

Ақтөбе облысында құрт ауруына шалдыққан балалардың саны екі есе артты

Жыл басынан бері Ақтөбе облысында құрт ауруына шалдыққан балалар саны екі есе артты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім бастығы Тамара Сафронова хабарлады.

  • 9 Қазан 2003
  • 506
Фото - Caravan.kz

Оның айтуына қарағанда, егер өткен жылдың соңында құрт ауруына шалдыққан балалар саны әрбір 100 мың тұрғынға шаққанда 132-ні құраса, қазір бұл көрсеткіш 215-ке жетті.

Биылғы 9 ай қорытындысы бойынша құрт ауруына шалдыққан балалар санының ең жоғарғы көрсеткіші Әйтеке би ауданында тіркеліп отыр. Осындағы ауырған балалар саны өткен жылғы статистикадан шамамен 300 процентке артып, өткен жылғы 9-дың орнына 24 оқиға тіркелді.
Ал тұтастай алғанда дертті жұқтырғандардың басым бөлігі облыс орталығында тіркелген. Мұндай ахуалды облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар аудан тұрғындарының қалаға қарай ешбір бақылаусыз үдере көшуімен байланыстырады.
Сондай-ақ, құрт ауруына шалдыққан адамдар арасындағы қайтыс болғандардың жас мөлшері де төмендей түсті. Жыл басынан бері облыста үш бала, соның ішінде бір жас шамасындағы сәби аурудан қайтыс болды.

Соңғы жаңалықтар