Ақтөбе облысында қырым қанды безгегі мен туляремия дерттерінің алдын алуға бағытталған шаралар басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында қырым қанды безгегі мен туляремия дерттерінің алдын алуға бағытталған шаралар басталды

Ақтөбе облысында қырым қанды безгегі мен туляремия дерттерінің алдын алуға бағытталған шаралар басталды

Ақтөбе облысында қырым қанды безгегі мен туляремия дерттерінің алдын алуға бағытталған шаралар басталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық тазалық-індет бақылауы басқармасынан хабарлады.

  • 13 Сәуiр 2004
  • 596
Фото - Caravan.kz

Осы аптада мамандар тобы қырым қанды безгегі мен туляремия дерттерін жұқтырушы кенелердің ауылдық жерлерде таралу жағдайын зерттеу үшін Алға, Хобда, Әйтеке би, Ойыл және Мартық аудандарына аттанғалы отыр. Жағалаулар, егістіктер мен орманды алқаптардағы кенелер жиналып, ауру қоздырғыштары анықталады, кенелер көп жиналған жерлерде өңдеу жұмыстары жүргізіледі.

Мемлекеттік тазалық-індет бақылауы басқармасының ақпаратына сәйкес, өткен көктемде Ақтөбе облысының Ойыл ауданында адамдардың туляремия жұқтыру оқиғасы үш мәрте тіркелген. Ол кезде бұл аумақта дератизациялық шаралар жүзеге асырылды. Облыстық бюджеттен бұл мақсатқа 500 мың теңге бөлінді.
Мамандардың айтуынша, кенелердің белсенділігі көктемде басталып, қазан айына дейін жалғасса, олардың сан жағынан мейлінше көбею құбылысы жаздың алғашқы жартысында байқалады.

Соңғы жаңалықтар