Ақтөбе облысында Ресейге нәпақа іздеп аттанған Тәжікстанның заңсыз мигранттарының тобы құрықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 509.94
  • 593.88
-2 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында Ресейге нәпақа іздеп аттанған Тәжікстанның заңсыз мигранттарының тобы құрықталды

Ақтөбе облысында Ресейге нәпақа іздеп аттанған Тәжікстанның заңсыз мигранттарының тобы құрықталды

АҚТӨБЕ. 19-ақпан. Kazakhstan Today. Ақтөбе облысында Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтуге әрекет жасаған Тәжікстанның 59 азаматы ұсталды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне көліктегі батыс ІІД-нің баспасөз орталығынан хабарлады.

  • 19 Ақпан 2007
  • 425
Фото - Caravan.kz

Баспасөз орталығының жетекшісі Эльвира Шалқошқарованың айтуынша, заңсыз мигранттар тобы Ташкент-Уфа бағытында жолаушылар тасымалдайтын отарбамен Орынборға нәпақа іздеп шыққан. «Тексеру кезінде ұсталған Тәжікстан азаматтарында Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан өтуге қажетті құжаттары болмай шықты»,- деді Э.Шалқошқарова.

Қазірде шетел азаматтарын Қазақстан аумағы арқылы заңсыз заңсыз алып өту шарасын ұйымдастырды деген күдікпен поездың төрт жолсерігі- Өзбекстан азаматтары ұсталды. Тәртіп сақшыларының анықтағанындай, алдын-ала келісім бойынша жолсеріктер әрбір заңсыз мигранттан 500-1000 Ресей рублін алған.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, ұсталғандар көліктегі батыс ІІД-нің қабылдап-таратқышына қамалды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті