Ақтөбе облысында сенат депутаттарының сайлауы барысында қазіргі сенат депутаты Еділбай Иманқұлов жеңді - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе   облысында сенат депутаттарының сайлауы барысында қазіргі сенат депутаты Еділбай Иманқұлов жеңді

Ақтөбе облысында сенат депутаттарының сайлауы барысында қазіргі сенат депутаты Еділбай Иманқұлов жеңді

Бүгін, 19-тамызда Ақтөбе облысында сенат депутаттарының сайлауы барысында, алдын-ала мәлімет бойынша, қазіргі сенатор Еділбай Иманқұлов жеңіске жетті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық сайлау комиссиясынан хабарлады.

  • 19 Тамыз 2005
  • 476
Фото - Caravan.kz

Облыстық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, Е.Иманқұлов 129 сайлаушының дауысын жинады.

Депутаттықтан екінші үміткер ретінде тіркелген кәсіпкер Мақсат Сәңкібаев 28 дауыс жинады.
Жалпы алғанда Ақтөбе облысында қалалық, аудандық және облыстық мәслихаттардың 200 депутаты бар. Бүгінгі сайлауға 192 сайлаушы қатысты.
Сайлау комиссиясының хабарлауынша, сенат депутаттарының сайлауы барысында 35 бюллетень жарамсыз деп танылды.
ТМД тәуелсіз бақылаушылар миссиясы өкілдерінің айтуынша, Ақтөбе облысында сайлау барысында заң бұзушылықтар тіркелген жоқ.

Перейти к новостям спорта