Дауыс беруге облыстан барлығы 200 депутат қатысты. Сенатордың орнына ұсынылған екі үміткерден М.Тағымов жеңіске жетті. Облыс әкімінің орынбасары қызметіндегі ол 181 дауыс жинады. Екінші үміткер «Ақбұлақ» АҚ президенті 40 жастағы Айбек Сағиевке 19 адам дауыс берген.
Облыстық мәслихат хатшысы Сәния Қалдығұлованың айтуынша, үшінші болып тіркелген Қайрат Садырбайдың кандидатурасы алынып тасталды.
Сайлаушылардың отырысына облыстық сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелері, ТМД атынан бақылаушылар, үміткерлердің сенімді тұлғалары қатысты.