Ақтөбе облысында шағын зауытта болған жарылыс үшін жауапты азаматтар сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында шағын зауытта болған жарылыс үшін жауапты азаматтар сотталды

Ақтөбе облысында шағын зауытта болған жарылыс үшін жауапты азаматтар сотталды

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының соты "Вернал Ойл Қазақстан" ЖШС-не тиесілі шағын мұнай өңдеу зауытының үш қызметкеріне қатысты үкімін жариялады.

  • 16 Сәуiр 2015
  • 289
Фото - Caravan.kz


Облыстық сот баспасөз қызметінің хабарлауынша, сотталған азаматтар жарылыс қаупі жоғары нысандарда қауіпсіздік талаптарын бұзып,  абайсызда адам өліміне себепші болды деп танылды.
Сот қылмыстың сипаты мен қоғамға төндіретін қаупін ескере отырып, зауыттың бас инженеріне 3 жыл, жауапты тұлғалардың екеуіне екі жылдан жаза кесті.
Қандыағаш қаласындағы шағын мұнай зауытында өткен жылдың 16-шілдесінде жарылыс болды. Жарылыс соңы өртке ұласып, денесін күйік шалған үш адамның екеуі ауруханада көз жұмды.