Ақтөбе облысында шаруалардың егіні күйіп мол шығынға батты - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында шаруалардың егіні күйіп мол шығынға батты

Ақтөбе облысында шаруалардың егіні күйіп мол шығынға батты

Ақтөбе облысында қуаңшылықтан егіннің жартысына жуығы күйіп кеткен. Қыстағы қалың қарға сенген шаруалар тағы да шаш етектен шығынға батқандарын айтады.

  • 26 Қыркүйек 2014
  • 222
Фото - Caravan.kz

Жаз бойы тамшы тамбай, аймақтағы 130 мың гектар аумаққа егілген бидай тіпті мал азығына да жарамай қалған. Енді сақтандыру компаниялары арқылы шығындарын қайтарып алуға үміттеніп отыр. Десе де ақтөбелік диқандардың мұнымен жыртығы жамалмайтын түрі бар. Себебі үш жыл бойы «Азық-түлік корпорациясынан» қарызға тұқым алып, қазір оған берешегі 800 миллион теңгеден асқан. Биыл да енді қамба астыққа толмай, жергілікті сұранысты өтей алмай отыр. Дегенмен шенеуніктер ұлттық қорға иек артып отырғандарын айтады.


Асылхан Әбдиев, Ақтөбе облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы: 

-Бидайды қамтуға жетпегенімен бірақ мемлекеттік қордан қазіргі таңда жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жетіспейтін азықтық бидай мемлекеттік қордан бөлінеді.