Ақтөбе облысында соңғы 4 жылда алғаш рет ең ірі көлемде есірткі партиясы - 322 кило героин тәркіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында соңғы 4 жылда алғаш рет ең ірі көлемде есірткі партиясы - 322 кило героин тәркіленді

Ақтөбе облысында соңғы 4 жылда алғаш рет ең ірі көлемде есірткі партиясы - 322 кило героин тәркіленді

Ақтөбе облысында соңғы 4 жылда алғаш рет ең ірі көлемде есірткі партиясы - 322 кило героин тәркіленді. Ақтөбе облыстық кедендік басқармасынан KZ-today тілшісіне хабарлағанындай, есірткіні облыстың Хромтау аудандық кеден бекетінің қызметкерлері Никельтау станциясында тауып алды.

  • 21 Қазан 2003
  • 555
Фото - Caravan.kz

Есірткі қаптарға пиязбен қосып салынып, «Душанбе-Мәскеу» бағытындағы жолаушы тасымалдаушы отарбаның екі жүк вагонына тиеліпті. Есірткі арнайы машықтандырылған иттердің көмегімен екі күн ішінде табылды. Операцияның алғашқы күні вагондардың бірінен 64 кило героин мен 9 кило шикі апиын табылса, келесі күні партияның қалған бөлігі — 258 кило героин шықты. Облыстық кедендік басқарманың бастығы Нұрлан Мұхамбетовтың айтуынша, пияздың иісі иісшіл иттерді адастыра алған жоқ.

Қазір бұл есірткінің Ауғанстанда өндіріліп, Тәжікстан бекеттерінің бірінде отарбаға тиеліп, Ресейдің Магнитогорск және Екатеринбург қалаларына бет алғаны мәлім болып отыр.
Аталмыш дерек бойынша Тәжікстанның екі жұмыссыз азаматы ұсталып, тергеу амалдары басталды. Героин мен шикі апиын кеденнің арнайы қоймасына қойылды. Мамандар қазір есірткі тиеген вагондар Қазақстанның оңтүстік шекарасынан қалай өтіп кеткендігін тексеру үстінде.
Ақтөбе облыстық кедендік басқармасы қызметкерлерінің есептеуінше, тәркіленген героин партиясының құны қара базарда 10-12 млн. долларды құрайды. Бұл — соңғы жылдарда Ақтөбе облысында тәркіленген ең ірі есірткі партиясы. 1999-жылы Ақтөбелік кеденшілер 8 кило героин тапқан болатын.

Соңғы жаңалықтар