Облыс басшылығы мұндай шешімді гидрометеорология орталығының облыстағы қоршаған ортаның ластануына жүргізген мониторинг шарасынан кейін қабылдаған. «Зерттеулер қорытындысы көңіл көншітпейді»,- дейді облыстық экология басқармасының бастығы Алмас Иманбаев.
Ақтөбе өңіріндегі қоршаған ортаны қорғау үшін облыстық әкімшілік бөлген қаржыға «Ақтөбе НПЦзем» кәсіпорны облысты экологиялық аудандарға бөлуге бағытталған ұйымдастыру шараларын өткізді. Сондай-ақ, «Шөлейттенумен күрес» бағдарламасының жобасын жасау жұмыстары атқарылды.
2003-жылы облыстағы ірі кәсіпорындар атмосфераны қорғау мақсатына 125 млн. теңге бөлді.