Атап айтсақ, Елек өзеніндегі қорғаныс білікті салуға 27,5 млн. теңге жұмсау көзделіп отыр. Департамент төрағасы Жақсығали Иманқұловтың айтуынша, бұл білік өзенді бор және алты валентті хромнан ластанудан қорғайды. Ал Ақтөбе қаласындағы тазарту қондырғыларын жаңалауға 264 млн. теңге жұмсалады.
Ж.Иманқұловтың айтуынша, Ақтөбе облысында минералды-шикізатты өңдеу саласында жер қойнауын пайдаланушы 78 компания жұмыс істейді. Алайда, талдау қорытындысы көрсеткендей, олардың кейбірі «өздеріне сеніп тапсырылған учаскелерді тиімді пайдаланбай, қоршаған ортаға орасан экологиялық шығын әкелуде». Ал заң бұзушыларға қатысты қолданылған айыппұл шаралары әрдайым тиімді бола бермейді, дейді Ж.Иманқұлов. Мәселен, 2004-жылы берілген ескертулердің небәрі 67 проценті мен талап-хаттардың 89 проценті ғана орындалған.
Жалпы алғанда былтыр облыста табиғат қорғау заңын бұзуға қатысты 2 мың дерек әшкереленіп, 10 іс прокуратура мекемелеріне тапсырылған. 42,8 млн. теңгенің айыппұлы өндіріп алынды.