Департаменттің діни ұйымдармен жұмыс бөлімінің бастығы Аманбай Рсалиннің айтуынша, жаңа шіркеуді салатын орын тағайындалып, қала орталығындағы Ғ.Жұбанова атындағы көшеден жер бөлінді. Қазір шіркеу салуға арналған қаржы жиналуда.
Бүгінгі таңда облыс бойынша православиелік бес шіркеу жұмыс істейді, олардың екеуі облыс орталығында, қалғандары Алға, Хромтау және Мартық аудандарында салынған. Ал православиелік шіркеу өкілдерінің пайымдауынша, қазіргі шіркеулер саны жеткіліксіз. Олардың әрбіреуі 200-дей адамға ғана есептелген, ал дінге табынушы сопылар саны күн санап артып келеді.