Ақтөбе облысында тағы да екі елді мекенді газ желісіне қосу жұмысы тәмамдалуға жақын - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында тағы да екі елді мекенді газ желісіне қосу жұмысы тәмамдалуға жақын

Ақтөбе облысында тағы да екі елді мекенді газ желісіне қосу жұмысы тәмамдалуға жақын

Алдағы аптада Ақтөбе қаласының басшылығы тағы екі бірдей елді мекенді көгілдір отынмен қамтамасыз ету жұмысын аяқтағалы отыр. Бұл туралы KZ-today тілшісіне қала әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 9 Қазан 2003
  • 505
Фото - Caravan.kz

«Ауыл-2003» бағдарламасы аясында Садовое ауылы мен Мағжан орман шаруашылығы газ құбырының негізгі желісіне қосылады. Құбыр тарту жұмыстары облыстық бюджеттен бөлінген 63 млн. теңгеге атқарылды. Қала әкімінің баспасөз хатшысы Лариса Томчуктың айтуына қарағанда, 900 тұрғыны бар екі елді мекен де қалаға өте жақын орналасқандықтан, облыс тұрғындарын тұрғын үймен қамтамасыз ету жөнінен келешегі бар елді мекендерге саналады.

Экология мамандарының пайымдауынша, екі елді мекенді газға қамту — соңғы жылдары ауыл тұрғындары отын ретінде отап пайдалана бастаған Ақтөбе қаласының айналасындағы «жасыл желекті аймақты» сақтап қалуға негіз болмақ.

Соңғы жаңалықтар