Министрлік ақпаратына сәйкес, тасқынның болуына Таранкөл және Айтпай өзендеріндегі су деңгейінің көтерілуі мен көпір маңында мұз сеңдердің түзілуі себепкер болған. Соның салдарынан Көкістік ауылында 10 тұрғын үй қосалқы қора-жайларымен қоса толық бүлініп, 6 үй апатты жағдайға келіп, 31 үйді су алып кетті. Сонымен бірге тұқым және азық-түлікке арналған астықты сақтауға арналған екі қойма да су астында қалды.
Ауылдан 47 отбасы көшірілді.
Алдын-ала мәлімет бойынша, су тасқыны салдарынан келген шығын көлемі 35 млн. теңгені құрады. Төтенше жағдайдың алдын алу жөніндегі штаб құрылды.