Ақтөбе облысында тасжолда жол апатынан төрт адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында тасжолда жол апатынан төрт адам қаза тапты

Ақтөбе облысында тасжолда жол апатынан төрт адам қаза тапты

16 қаңтарда түнгі 01:30-да Самара-Шымкент тасжолында Ырғыз ауылына жақын маңда жол-көлік оқиғасы болды, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

  • 16 Қаңтар 2020
  • 10
Фото - Caravan.kz


Ақтөбе облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Lada маркалы көліктің жүргізушісі (Қырғызстан азаматы) Арал қаласынан Ырғыз ауылы бағытында кетіп бара жатан. Самара-Шымкент тасжолының 1170-шақырымында мұзтайғаққа байланысты жолдың қарама-қарсы бетіне өтіп кетіп, Chevrolet Cruze көлігіне соқтығысқан. Соңғы көліктің тізгінінде Түркістан облысының азаматы болған. Жол апаты салдарынан Lada жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында қаза тапқан, тағы бір жолаушы Ырғыз ауылындағы орталық аудандық ауруханаға жеткізілген. Тергеу жүріп жатыр", — делінген полиция хабарламасында.
 

Соңғы жаңалықтар