Ақтөбе облысында төрт күн ішінде заңсыз сақталған жүзден астам қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында төрт күн ішінде заңсыз сақталған жүзден астам қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіленді

Ақтөбе облысында төрт күн ішінде заңсыз сақталған жүзден астам қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіленді

Ақтөбелік полиция қызметкерлері небәрі төрт күн ішінде бүкіл облыс тұрғындарынан заңсыз сақталған жүзден астам қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіледі. Халықтың осыншама қаруды жасырын ұстап келгеніне тәртіп сақшылары таңданыс білдіріп отыр.

  • 2 Тамыз 2011
  • 473
Фото - Caravan.kz

Шұбарши және Кеңқияқ ауылдарындағы елді дүрліктірген атыстан соң ішкі істер департаментінің өкілдері сезік тудырған үйлерді аралауға кіріскен болатын. Нәтижесінде 2 жарылғыш зат, 39 мылтық пен тапанша, 68 оқ-дәрі табылды. Полиция “Өз еркімен қару тапсырғандарды жауапқа тартпаймыз» деп уәде берді. Соңғы кезде жиілеп кеткен атыс-шабыстан қорқып қалған тұрғындар да тәртіп сақшыларына қару-жарағы бар үйлер жайында хабар беріп, көмектесуде. Дегенмен көпшілігінің айтқандары кейде жаңсақ боп шығады. Мәселен, қолдан жарылғыш зат әзірлеп жатқан көршісін бір ақтөбелік лаңкестік топқа қатысы бар адам деп ойлап қалған. Сөйтсе, оның жарылғыш заты балық аулауға арналған екен.


Самат Көшіғұлов, Ақтөбе облыстық ІІД лицензиялауға рұқсат беру бөлімінің аға инспекторы:

— Күдіктінің айтуы бойынша, ол жарылғыш затты суға барып балық аулау үшін жасаған.Бұны негізі жанғыш және жарылғыш заттарды бір-біріне қосып дайындаған.

Соңғы жаңалықтар