Ақтөбе облысында туберкулездің ауыр түрімен ауыратын науқастарды мәжбүрлі емдеу бөлімі ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында туберкулездің ауыр түрімен ауыратын науқастарды мәжбүрлі емдеу бөлімі ашылды

Ақтөбе облысында туберкулездің ауыр түрімен ауыратын науқастарды мәжбүрлі емдеу бөлімі ашылды

Ақтөбе. 6 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе облысында туберкулездің ауыр түрімен ауыратын науқастарды мәжбүрлі емдеу бөлімі ашылды. Бұл туралы агенттік тілшісіне Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Самат Даньяров хабарлады.

  • 6 Қараша 2008
  • 504
Фото - Caravan.kz

С. Даньяровтың айтуынша, арнаулы жаңа бөлімше облыстық мамандандырылған емдеу-профилактикалық кәсіпорнының базасында жұмыс істейді. 30 орынға есептелген жаңа бөлімшеде нағыз тәртіп сақшылары күзетте жұмыс істейтін болады.

С. Даньяровтың мәліметінше, «облыста қазір туберкулездің ауыр түрімен ауыратын 120 науқас бар, олар қасақана емдеуден қашқақтау арқылы ауруды басқаларға жұқтыруда. Оларды қоғамнан толық оқшаулаған соң облыс республика бойынша туберкулез көрсеткішімен жетінші орыннан кейін қарай жылжитын болады».

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар