Ақтөбе облысында тұрғындары жаппай тастап кеткен 8 елді мекен тіркелді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында тұрғындары жаппай тастап кеткен 8 елді мекен тіркелді

Ақтөбе облысында тұрғындары жаппай тастап кеткен 8 елді мекен тіркелді

Ақтөбе облысында тұрғындары жаппай тастап кеткен 8 елді мекен тіркелді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық экологиялық басқармасынан хабарлады.

  • 18 Қараша 2003
  • 401
Фото - Caravan.kz

2003-жылы Ақтөбе облысында болашағы жоқ деп саналған елді мекендердің саны 57-ге жетті. Олардың арасынан 1550 тұрғыны бар 45 елді мекен таяу болашақта көшіріледі. Ал 3 мыңдай тұрғыны бар 12 ауыл кейінірек көшіріледі деп күтілуде.

Облыстық экологиялық басқармасы мамандарының айтуынша, елді мекендердің базардан алыстығы, көлік қатынасының тұрақсыздығы, ауыз сумен қамту мәселесі, білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінің жоқтығы, электр қуатымен және телефон байланысымен қамтамасыз етілмеу, экологиялық қолайсыз ахуал тәрізді бірқатар себептер аталмыш елді мекендерді көшіруге әсер етіп отыр.
Сондай-ақ, статистикалық деректер бойынша, тұрғындар арасындағы қалаға қоныс аудару көрінісінің жиілеуі және ауылшаруашылығы субьектілерінің жоқтығы тәрізді себептер де елді мекендерді оңтайландыруға басты негіздеме болмақ.
Осындай себептермен жоспарлы көшіру шарасын күтпеген 8 елді мекеннің тұрғындары өз үйлерін тастап кеткен.

Соңғы жаңалықтар