Оқиға Хромтау ауданындағы Просторное станциясынан 6 шақырымда болған. «Газель» автокөлігі «ВАЗ-21099» автокөлігімен соқтығысу салдарынан жеңіл көліктің салонында отырған жүргізуші мен екі жолаушы өртеніп кетті.
Қазір қаза тапқандардың аты-жөні анықталуда.
Тағы бір көлік апаты Қызылорда облысында болды. «КамАЗ» автокөлігін жүргізуші машина руліне ие бола алмай машинаны аударып алу салдарынан үш жолаушы сол жерде мерт болып, жүргізуші әртүрлі жарақатпен жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді.