Ақтөбе облысында "Восход" хром кені кенішінде кен байыту комбинатының салтанатты ашылу рәсімі өтті

Рәсім бүгін Ақтөбеде ашылған Қазақстан және Ресейдің Шекаралық өңірлер басшыларының V халықаралық форумына орайластырылған.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Дмитрий Медведев пен Нұрсұлтан Назарбаев кәсіпорынның пайдалануға берілгені туралы Хромтаумен арада ұйымдастырылған телекөпір кезінде мәлімдеді.