Ақтөбе облысында заңды тұлғалар үшін газ қымбаттады - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында заңды тұлғалар үшін газ қымбаттады

Ақтөбе облысында заңды тұлғалар үшін газ қымбаттады

"ҚазТранГаз Аймақ" АҚ ақтөбелік өндірістік филиалы тұтынушыларға 1-қазан күннен бастап газдың босатылым бағасының өзгеретіндігі туралы хабарлады.

  • 3 Қазан 2014
  • 588
Фото - Caravan.kz

"Заңды тұлғалар үшін газ 29% қымбаттады, немесе 1697,25 теңгеге артты, мұнда қосымша құн салығы мен таратушы желілер бойынша тарифтер ескерілген", деп хабарлады "Интерфакс-Қазақстанға" "ҚазТранГаз Аймақ" АҚ өндірістік филиалы директорының орынбасары Наталья Сысоева.

Сонымен қатар халық үшін газ 114,24 теңгеге төмендеді немесе 2%.

Компания өкілі атап өткендей, тарифтің өзгеруі 1-шілдеден бастап газға шектеулі көтерме бағаның өзгеруіне байланысты болған.

Аталмыш компаниядан таралған ақпаратта атап өтілгендей, ұлттық экономиканың табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитетінің келісіміне сәйкес халық үшін тауарлы газдың бағасы, яғни 1 мың шаршы метрі қосымша құн салығын қосқанда 5810,4 теңгені құрайды.Газдың халық үшін бұрын беріліп келген бағасы 5924,64 теңге болатын.


"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ 2002 жылы сәуірде құрылған. Компанияның жалғыз акционері "ҚазТрансГаз" АҚ.