Апат 31-қазанда Ақтөбе-Яйсан автожолының 10-шақырымында болып, бірінші және жетінші үлгілі «ВАЗ» автокөліктері соқтығысып қалды. Жол апаты салдарынан «ВАЗ-2107» автокөлігінің екі жолаушысы оқиға орнында мерт болды. «ВАЗ-2101» автокөлігінің жүргізушісі мен 14 жастағы жолаушы мен «ВАЗ-2107» автокөлігінде отырған 8 жасар қыз түрлі жарақаттармен ауруханаға түсті.