Ақтөбе облысында жол апатынан тағы да Өзбекстан азаматтары қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында жол апатынан тағы да Өзбекстан азаматтары қаза тапты

Ақтөбе облысында жол апатынан тағы да Өзбекстан азаматтары қаза тапты

Ақтөбе облысы аумағында жол апатынан Өзбекстанның екі азаматы қаза тапты. Қазақстанның батыс өңірінде жыл басынан бері осымен төртінші рет Өзбекстан азаматтары жол апатына ұшырап отыр.

  • 6 Наурыз 2018
  • 252
Фото - Caravan.kz

Өзбекстан Төтенше жағдайлар миинстрлігінің хабарлауынша, жол апаты 5 наурыз күні сағат 10:50-де Ақтөбе облысының Өлке елді мекені тұсында Самара – Шымкент жолында болған. Санкт-Петербургтен Ташкентке кетіп бара жатқан Opel Astra жеңіл көлігі КамАЗ көлігімен соқтығысқан. Салдарынан Өзбекстанның Әндіжан облысының 1978 жылы және 1975 жылы туған екі тұрғыны қаза тапқан, деп хабарлайды  Азаттық.

Қазір Өзбекстан құзырлы органдары марқұмдардың мәйітін Ақтөбеден алып кету шараларын істеп жатыр.

Қазақстанның батыс өңірінде жыл басынан бері осымен төртінші рет Өзбекстан азаматтары жол апатына ұшырап отыр. 18 қаңтар күні Ақтөбе облысының Ырғыз ауданы Қалыбай ауылынан 10 шақырым жерде жолаушылар автобусы өртеніп, Өзбекстанның 52 азаматы қаза тапқан. Ақтөбе облысында автобустағы 52 жолаушы өртеніп кетті. Автобуста барлығы 57 адам – 54 жолаушы мен екі жүргізуші болған. Екі жолаушы мен үш жүргізуші аман қалған.

25 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысында тіркелген Mercedes маркалы автобус Ресейден келе жатқанда жүргізуші рөлге ие бола алмай, автобус жыраға түсіп кетіп, аударылған. Салдарынан автобуста болған Өзбекстанның жеті азаматы түрлі жарақат алған. Ресми мәлімет бойынша, автобуста 25 жолаушы болған. Наурыздың басында Маңғыстау облысында да жол апатынан Өзбекстанның алты азаматы опат болған.


Оқи отырыңыз:

Маңғыстау облысындағы Өзбекстанның тағы да алты азаматы тірідей өртеніп кетті

Ақтөбе облысында автобустағы 52 жолаушы өртеніп кетті

Ақтөбе облысында автобуста өртеніп кеткен Өзбекстанның 52 азаматына арналған бейнебаян шықты