№2908 жүк пойызының 20 вагоны жолдан шығып кетті. Соның салдарынан 6 вагон өртене бастады, деп хабарлайды «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен.
«Апат салдарын жоюға қалпына келтіру және өрт сөндіру пойыздары дер кезінде кірісті. Өрт 18 сағат 10 минутта өшірілді. Аталмыш жол теліміндегі сапасын тексеру жұмыстары 2015 жылғы шілденің 17-сінде өткізіліп, оған «үздік» баға қойылған болатын», делінген хабарламада.
Апаттың себеп-салдарын тексеру мақсатында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жанынан арнайы комиссия құрылды.
Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.