Ақтөбе облысында жолдан шығып кеткен вагондардың 6-уы өртеніп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында жолдан шығып кеткен вагондардың 6-уы өртеніп жатыр

Ақтөбе облысында жолдан шығып кеткен вагондардың 6-уы өртеніп жатыр

Шілденің 30-ында 15 сағат 20 минутта Ақтөбе темір жол бөлімшесінің Қандыағаш-Жем теліміндегі Құдық-Жем қума жолында

  • 31 Шiлде 2015
  • 344
Фото - Caravan.kz


№2908 жүк пойызының 20 вагоны жолдан шығып кетті. Соның салдарынан 6 вагон өртене бастады, деп хабарлайды «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен. 

«Апат салдарын жоюға қалпына келтіру және өрт сөндіру пойыздары дер кезінде кірісті. Өрт 18 сағат 10 минутта өшірілді. Аталмыш жол теліміндегі сапасын тексеру жұмыстары 2015 жылғы шілденің 17-сінде өткізіліп, оған «үздік» баға қойылған болатын», делінген хабарламада. 
Апаттың себеп-салдарын тексеру мақсатында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жанынан арнайы комиссия құрылды.
Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Соңғы жаңалықтар