Басқарманың мәліметіне сәйкес, қайғылы оқиға 6-ақпанда таңертең болған. Жоспарлы рейске шыққан «ЖемОйлБейс» ЖШС-нің екі жұмысшысы жолды қысқарту үшін Жем өзені арқылы өтетін ескі көпірмен жүруге ұйғарады. Орта жолда жүк көлігі өзенге құлап кеткен. Соның салдарынан 37 және 38 жастағы екі жолаушы да оқиға орнында мерт болды.
Басқарманың ақпаратына сәйкес, апатты жағдайда болуға байланысты бұл көпірмен жүруге тыйым салынған екен.