Ақтөбе облысында жүк пойызы «Hunday» көлігімен соқтығысты
Кеше сағат 13.50-де Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында, Темір стансасы теміржол торабының 46 разъезінде тауар пойызы мен «Hunday» көлігі соқтығысты. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарланды. |
Көліктердің соқтығысуы салдарынан 58 жастағы жүргізуші мен 54 жастағы жолаушы оқиға орнында жантәсілім етті. «Маңғышлақ-Алматы» бағыты бойынша №377 жолаушылар пойызы 30 минутқа кешігіп келді. Төтенше жағдай орын алған жерге ҚР ТЖМ Ақтөбе облысы бойынша ТЖД 2 адамы мен 1 техникасы шықты.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін