Ақтөбе облысында жүк пойызы «Hunday» көлігімен соқтығысты - kaz.caravan.kz
  • $ 518.5
  • 601.62
+22 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында жүк пойызы «Hunday» көлігімен соқтығысты

Ақтөбе облысында жүк пойызы «Hunday» көлігімен соқтығысты

Кеше сағат 13.50-де Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында, Темір стансасы теміржол торабының 46 разъезінде тауар пойызы мен «Hunday» көлігі соқтығысты. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарланды.

  • 17 Желтоқсан 2012
  • 374
Фото - Caravan.kz


Көліктердің соқтығысуы салдарынан 58 жастағы жүргізуші мен 54 жастағы жолаушы оқиға орнында жантәсілім етті. «Маңғышлақ-Алматы» бағыты бойынша №377 жолаушылар пойызы 30 минутқа кешігіп келді. Төтенше жағдай орын алған жерге ҚР ТЖМ Ақтөбе облысы бойынша ТЖД 2 адамы мен 1 техникасы шықты.