Ақтөбе облысында жыл басынан бері 56 адам бруцеллез дертіне шалдықты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында жыл басынан  бері 56 адам бруцеллез дертіне шалдықты

Ақтөбе облысында жыл басынан бері 56 адам бруцеллез дертіне шалдықты

2003-жылдың 9 айында Ақтөбе облысында 56 адам бруцеллез дертіне шалдықты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық тазалық-індет бақылауы қызметінен хабарлады.

  • 7 Қараша 2003
  • 544
Фото - Caravan.kz

Мамандардың айтуынша, сырқаттардың басым бөлігін Мұғалжар, Темір және Қобда аудандарында тұратын 14 жасқа дейінгі балалар құрайды.

Дейтұрғанмен, облыстық тазалық-індет станциясындағылардың айтуынша, бруцеллез дертіне шалдығу көртсеткіші біртіндеп төмендей түсті. 2002-жылы ауру жұқтырған 64 адам тіркелген болатын.
Бруцеллез созылмалы сипатқа көшетін жұқпалы дерт. Адамдар әдетте оны ауру малдың бағым-күтімімен айналысқан кезде, немесе ауырған малдың ет немесе сүтін пайдаланған кезде жұқтырады.
2003-жылдың үш тоқсанында мал дәрігерлік қызмет 6 мың басты ұсақ малға тексеру жүргізіп, нәтижесінде бруцеллезбен ауыратын 18 малды анықтады. Ал 11702 ірі қара малдың 2 проценті ауру болып шықты.

Соңғы жаңалықтар