Ақтөбе облысында жыл соңына дейін Батыс Еуропа – Батыс Қытай жолының 60 шақырымы салынып бітеді - kaz.caravan.kz
  • $ 450.79
  • 482.21
+28 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында жыл соңына дейін Батыс Еуропа – Батыс Қытай жолының 60 шақырымы салынып бітеді

Ақтөбе облысында жыл соңына дейін Батыс Еуропа – Батыс Қытай жолының 60 шақырымы салынып бітеді

Ақтөбе облысында жыл соңына дейін Батыс Еуропа – Батыс Қытай жолының 60 шақырымы салынып бітеді, деп хабарлайды көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.

  • 13 Шiлде 2011
  • 460
Фото - Caravan.kz

«Ағымдағы жылдың аяғына дейін облыс бойынша 60 км жол салу жоспарланып отыр. Ақтөбе облысының аумағы бойынша «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жобасы шеңберінде 355 км жол қайта салуды қажет етеді», — делінген сәрсенбі күні таратылған ақпаратта.

Қазіргітаңда«Gengiz Insaat Sanayii ve Ticaret A.S.» (Түркия) компаниясы ұзақтығы 102 км құрайтын Ақтөбе– Мартық– Ресей Федерациясы шекарасы (Оренбургке қарай) учаскесінде құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Учаскені қайта салу Еуропалық қайта салу және даму банкінен (ЕҚДБ) займ қаражатынан жүзеге асырылуда.

Жоба бойынша учаскені І және ІІ техникалық категорияға, оның ішінде, ұзақтығы 9,5 км құрайтын Ақтөбе қаласының кіре берісі учаскесін төрт жолақты қозғалыс жолына ауыстыру қарастырылған.

ККМ ақпаратына сәйкес, құрылыс жұмыстарына шамамен 835 адам, оның ішінде, 785 жергілікті қызметкер тартылған. 220 жол-құрылыс техникасы жұмылдырылған. 220 жол-құрылыс техникасы тартылды.

Құрылыс жұмыстары басталғаннан бері 690,4 тыс. м3 (46,7%) жер жамылғысы төселіп, 7,52 км (12,5 %) төсегіш қабаты жасалды. 153,6 тыс.м3 шағыл тас, 186,2 тыс.м3 құм қиыршық қоспасы, 1,9 тыс. м3 темір-бетондық бұйымдар жасалды.

Батыс Еуропа – Батыс Қытай автодәлізінің Қазақстан аумағындағы ұзақтығы 2787 км құрап, бес облыстың аумағымен өтеді. 2452 шақырым жол қайта жөндеуге жатады. Жобаның жалпы құны Т825 млрд құрайды. Жоба бойынша 1391 км жолды 4 жолақты Ң техникалық санатқа, 1061 км жолды ІІ техникалық санатқа ауыстыру көзделген.

Соңғы жаңалықтар