Ақтөбе облысында жыл соңына дейін жалпы білім беретін екі мектеп салынады - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында жыл соңына дейін жалпы білім беретін екі мектеп салынады

Ақтөбе облысында жыл соңына дейін жалпы білім беретін екі мектеп салынады

Ақтөбе облысында жыл соңына дейін жалпы білім беретін екі мектеп салынады. Бұл туралы 2-шілдеде өткен облыстық мәслихаттың 18-сессиясында белгілі болды.

  • 3 Шiлде 2003
  • 548
Фото - Caravan.kz

Осыған байланысты Ырғыз және Хромтау аудандарында жалпы білім беретін мектептер ғимаратын салуға арнап жергілікті бюджеттен 21 млн. теңге бөлінді.

Қазіргі жағдаймен Ақтөбе облысында 479 мектеп бар. Оның 98-і бастауыш, 96-сы негізгі, 285-і орта мектеп болса, сонымен бірге мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған 4 мектеп жұмыс істейді.
Ырғыз ауданында 23, Хромтауда 43 мектеп бар. Бұл 2001-жылғымен салыстырғанда 7 мектепке кем. Сессияда атап көрсетілгеніндей, аталмыш аудандардағы мектеп санының қысқартылуына ауылдық жерлерде мектеп жасындағы балалардың жоқтығынан бастауыш мектептердің жабылуы себеп болды. Қазір облыстық білім беру басқармасының басшылығы аталмыш мектептердің жұмысын қайтадан жандандыруға қадам жасауда.

Соңғы жаңалықтар