Оның айтуынша, биыл облыс бойынша жалпы өрт саны өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 35 процентке азайған, биыл сондай-ақ, далалық жерлердегі өрт саны да едәуір азайды. Егер өткен жылы өрт қауіпсіздігі артатын кезеңде 88 далалық жерлердегі өрт тіркелсе, биыл оның саны небәрі 20-ны құрады.
Соған қарамастан, күн райының қапырық ыстық болуы өрттің тез тұтанып, тез таралуына жағдай жасап отыр. Мәселен, Әйтеке би ауданына өрт сөндірушілердің үш күн қатарынан баруына тура келді. 28-тамыздан бері бұл ауданның әр жерінде 220 гектар сахарада өрт шықты. Осы мерзімде Байғанин ауданындағы Қасқырапан өңірінде 140 гектар сахара өртенсе, Хобда ауданындағы Бегалы және Веселый аудандарында 70 гектар далалық жер өртеніп кетті.