Ақтөбе облысындағы күйдіргі дерті ошағында дезинфекциялық жұмыстар аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысындағы күйдіргі дерті ошағында дезинфекциялық жұмыстар аяқталды

Ақтөбе облысындағы күйдіргі дерті ошағында дезинфекциялық жұмыстар аяқталды

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданында күйдіргі ошағын жоюға бағытталған дезинфекциялық жұмыстар аяқталды. Бұл туралы бүгін, 5-шілдеде Ақтөбеде өткен баспасөз мәслихатында Мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық бақылау қызметінің облыстық басқармасының төтенше жұқпалы аурулар бөлімінің төрайымы Жұмабике Жұмалиева хабарлады.

  • 5 Шiлде 2004
  • 623
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, қазір «күйдіргіге шалдыққан және олармен қарым-қатынаста болған адамдарды айқындау жұмыстары аяқталды». Жұқпалы ауру шыққаннан бері облыстық ауруханаларға күйдіргі деген диагнозбен 8 адам жатқызылып, олармен қарым-қатынаста болған 86 адам анықталды. Қазіргі жағдаймен дәрігерлер науқастардың ахуалын орташа ауыр деп бағалауда. Науқастар облыстық бюджет есебінен тегін емделіп жатыр.

Залалсыздандыру шараларының нәтижесінде Мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық бақылау қызметі мен «Дезинфекция» АҚ-ның мамандары тұрғындардан 60 кило зарарлы ет тәркіледі. Ж.Жұмалиеваның түсініктемесіне сәйкес, тәркіленген ет отқа жағылып, ет залалсыздандырылған орын бетондалды.
Ауру малдың еті сатылған Ембі қаласында алдын-ала дезинфекциялық шараларға орай екі базар жабылды. Ауру мал табылған «Еркебұлан» шаруа қожалығында карантин жарияланды. Бұл жерде малға вакцина егу жұмыстары жүргізілуде.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 30-маусымда Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық ауруханасына «күйдіргі» деген күдікпен бір ер адам ауруханаға түскен. Дәрігерлердің болжамы бойынша, әлгі адам ауру малдың етін бұзу кезінде ауру жұқтырғанға ұқсайды. Соңынан Мұғалжар ауданының тағы 7 тұрғыны осындай диагнозбен ауруханаға түсті.

Перейти к новостям спорта