Ақтөбе облысындағы мешіт имамдарының бірі оқушы қызының орамалын шешкізбей жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысындағы мешіт имамдарының бірі оқушы қызының орамалын шешкізбей жүр

Ақтөбе облысындағы мешіт имамдарының бірі оқушы қызының орамалын шешкізбей жүр

Ақтөбе облысында 7 оқушы қыз орамалдарын шешпей жүр.

  • 20 Қараша 2017
  • 542
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы облыстық дін істері басқармасының басшысы Жолдас Қалмағанбетов Aktobenews.kz тілшісіне айтып берді.

«Қазіргі таңда облыс бойынша 9 қыз бала орамал тағып жүр. Кеше ғана Алға ауданына барып келдім. 2 қыздың ата-анасы көнді. Қазір орамал тағып жүрген 7 оқушы ғана қалды. Бұл ресми мағлұматтар. Сенбесеңіз, көрсете аламын», — деді басқарма басшысы.

Жолдас Қалмағанбетовтың сөзінше, 7 оқушының бірі — Ақтөбе қаласындағы мешіттердің біріндегі имамның қызы.

«Олармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Орамалын шешпей жүрген балалардың барлығы — 10-11 класс оқушылары. Олар бізге қарасты мекеме болмағандықтан, біз оларға бұйыра алмаймыз. Сондықтан облыстың бас имамы, мүфтияттың тарапынан оларға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр», — деп мәлімдеді басқарма басшысы.


Соңғы жаңалықтар