Қазіргі жағдаймен тасқыннан зардап шеккен төрт отбасы жаңа үйлерге көшірілді. Тағы 6 отбасы кешікпей жаңа үйлерге ие болады.
Сонымен қатар су тасқынынан зардап шеккен ауыл тұрғындарының жанар-жағармайға жұмсаған шығынының орнына 299 мың теңге өтеп берілді. 40 мың теңгеге дәрі-дәрмектер сатып алынды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 18-сәуірде Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Қосестек ауылындағы тасқын салдарынан 47 үй су астында қалып, 288 бас мал мен үй құстары шығынға ұшырады.