Ақтөбе облысындағы т/ж кәсіпорындардың жұмыскерлеріне қосымша экологиялық төлемдер төленбейді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысындағы т/ж кәсіпорындардың жұмыскерлеріне қосымша экологиялық төлемдер төленбейді

Ақтөбе облысындағы т/ж кәсіпорындардың жұмыскерлеріне қосымша экологиялық төлемдер төленбейді

Көлік прокурорлары теміржол көлігі кәсіпорындарын тексеру барысында ҚР «Арал өңіріндегі экологиялық апаттың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» заңының талаптарын өрескел бұзу фактілерін анықтады.

  • 20 Маусым 2011
  • 654
Фото - Caravan.kz

«Локомотив» АҚ, «Азамат-М» ЖШС, «Қамқор Вагон» ЖШС, «Достар А» ЖШС және «Қамқор Локомотив» ЖШС-терінің 1255 жұмыскеріне экологиялық қолайсыз аудандарда тұрғаны үшін төленуге тиіс қосымша төлемдер дұрыс төленбеген. Төленбеген қаржының жалпы сомасы Т89 438 451 құрады», — деп мәлім етті Қандыағаш көлік прокуроры Нұрболат Қатуов.

Заңдылықты бұзу фактілері бойынша прокуратура аталған кәсіпорындарға экологиялық төлем сомаларын төлеу бойынша шара қабылдап, заңды бұзуды жою туралы ұсынымдар енгізілді.

«Алайда қазіргі уақытта қосымша экологиялық төлемдерді төлеу және ұжымдық келісімшарттарға өзгертулер енгізу талаптары орындалмаған. Осыған байланысты Қарндыағаш көлік прокуратурасы прокурорлық әрекет ету актісін мәжбүрлеп орындату туралы арыз түсірілді», — деді Н. Катуов.

Ақтөбе облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің департаментіне Қандыағаш көліктік аймағы бойынша кәсіпорындарда экологиялық қолайсыз аудандарда тұрып жатқаны үшін экологиялық қосымша төлемдерді аудару мәселесі бойынша тексеру жүргізу тапсырылды.

Тексеру барысында 2010 жылы және 2011 жылдың 2 айында «Лесозащита» ЖШС-інің «Западный» филиалының басшылығы 15 жұмыскерге жалақыны өрескел бұзушылықтарға жол бере отырып, төлегені анықталды, төленбеген ақша Т507 758 құраған.

«Қызылжар 2030» ЖШС де осындай бұзушылыққа жол беріп, 130 жұмыскеріне Т2 958 308 төлемеген», — дейді көлік прокуроры.

Анықталған бұзушылықтар бойынша Қандыағаш көлік прокуратурасы кәсіпорындарға ЖШС жұмыскерлеріне төленбеген экологиялық төлемдерді төлеу мәселесін қойып, заң бұзушылықты жою туралы ұсыным енгізді.

Соңғы жаңалықтар