Ақтөбе облысындағы ҰҚТ діннің атын жамылып, мұнай ұрлаған - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысындағы ҰҚТ діннің атын жамылып, мұнай ұрлаған

Ақтөбе облысындағы ҰҚТ діннің атын жамылып, мұнай ұрлаған

Ақтөбе облысында полицейлерді өлтірді деп күдіктеліп отырған ұйымдасқан қылмыстық топ (ҰҚТ) діннің атын жамылып, мұнай ұрлаған, деп мәлім етті ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Демеуов.

  • 11 Шiлде 2011
  • 511
Фото - Caravan.kz

«Ақтөбе облысында дін идеяларын жамылып, шын мәнінде мұнай ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ әрекет еткен. 26 маусымда оперативті-алдын алу шарасы барысында «Mercedes» маркалы автокөлік тоқтатылған, оны тінту барысында «Макаров» тапаншасы, екі шолақ қару, діни әдебиеттер мен жарылғыш құрылғысын жасауға арналған заттар табылған», — деді ол дүйсенбі күні арнайы баспасөз мәслихатында.

Ол осы топтың екі мүшесі 30 маусым күні кешке Шұбаршы ауылында екі полиция отырған автопатрульге шабуыл жасағанын еске салды. Олардың қару қолдануының нәтижесінде жол полициясының екі қызметкері сол жерде көз жұмды.

«Іздестіру шараларының нәтижесінде олардың Шұбаршы ауылынан 6 шақырым жерде қамыс арасында жасырынып жүргені туралы ақпарат алынды. 30 маусымда арнайы бөлімшенің 1 қызметкері ұаза тауып, үшеуі жарақат алды», — деді вице-министр.

«Сұңқар», «Бүркіт» бөлімшелері дабыл бойынша аяғынан тік тұрғызылды, ауданға ҚР ІІМ ішкі әскерлерінің 1 батальоны тартылды. Апталық (іздестіру — ҚазТАГ) шаралардың нәтижесінде 8 шілдеде аталған қылмыстық топ бір үйде жасырынып отыр деген ақпарат алынды. Кешкі уақытта олармен келіссөз барысында берілу туралы өтінішке оқ атып жауап берген. Атыс кезінде арнайы бөлімшенің 1 қызметкері қаза болып, 1 жарақат алды», — деді М. Демеуов.

Оның ақпараты бойынша, 9 шілдеде сағат 12-де бұл үйді басып алу туралы шешім қабылданды. Операция барысында аталған ҰҚТ-ның 9 мүшесінің денелері табылды. Олардың 7-еуінің аты-жөндері анықталды, екеуінің есімдері анықталып жатыр.

Топ мүшелерінің жасы 18 – 25 жас аралығында.

Қазіргі уақытта ҰҚТ-ның ұсталған ұсталған мүшелеріне ҚР ҚК 96 бабы (екі және одан көп адамды өлтіру) бойынша айып тағылды. ІІМ орынбасарының айтуынша, бұл бап 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруды, кей жағдайда арнайы қамауды қарастырады.

Соңғы жаңалықтар