Ақтөбе облысының әкімі қаза болған шекарашылардың отбасыларына көңіл айтты
Ақтөбе облысының әкімі Шымкент түбінде апатқа ұшыраған шекарашылардың отбасыларында болып, оларға көңіл айтты, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі. |
Қаза болған 27 адамның екеуі - Ақтөбе облысының тұрғындары. Олар - подполковник Асуан Айтманбетов пен лейтенант Анатолий Филипко.
Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Ақтөбеде тұратын Айтманбетовтің және Алға ауданындағы Филипконың отбасыларында болды. Әкімдік әр отбасына 1 млн. теңгеден материалдық көмек берді.
Еске сала кетейік, авиаапат 25 желтоқсан күні болды. Ұшақ Шымкент әуежайына 20 шақырымға жуық қалғанда жерге соғылып, отқа оранды. 27 адам, 20 әскери қызметші мен 7 экипаж мүшесі қазаға ұшырады. Апаттың себеп-салдарын арнайы ведомствоаралық комиссия анықтауда. Бұдан бұрын ҰҚК төрағасы Н.Әбіқаев ұшақ күрделі метеожағдайда ұшқанын атап өткен болатын.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін