Ақтөбе облысының әкімі қаза болған шекарашылардың отбасыларына көңіл айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 510.81
  • 578.59
+18 °C
Алматы
2025 Жыл
2 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысының әкімі қаза болған шекарашылардың отбасыларына көңіл айтты

Ақтөбе облысының әкімі қаза болған шекарашылардың отбасыларына көңіл айтты

Ақтөбе облысының әкімі Шымкент түбінде апатқа ұшыраған шекарашылардың отбасыларында болып, оларға көңіл айтты, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

  • 1 Қаңтар 2013
  • 432
Фото - Caravan.kz

Қаза болған 27 адамның екеуі — Ақтөбе облысының тұрғындары. Олар — подполковник Асуан Айтманбетов пен лейтенант Анатолий Филипко.

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Ақтөбеде тұратын Айтманбетовтің және Алға ауданындағы Филипконың отбасыларында болды. Әкімдік әр отбасына 1 млн. теңгеден материалдық көмек берді.

Еске сала кетейік, авиаапат 25 желтоқсан күні болды. Ұшақ Шымкент әуежайына 20 шақырымға жуық қалғанда жерге соғылып, отқа оранды. 27 адам, 20 әскери қызметші мен 7 экипаж мүшесі қазаға ұшырады. Апаттың себеп-салдарын арнайы ведомствоаралық комиссия анықтауда. Бұдан бұрын ҰҚК төрағасы Н.Әбіқаев ұшақ күрделі метеожағдайда ұшқанын атап өткен болатын.