Ақтөбе облысының әкімі жаралы полицейлердің кез келген пансионатта емделуін қаржылай көтеруге уәде берді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысының әкімі жаралы полицейлердің кез келген пансионатта емделуін қаржылай көтеруге уәде берді

Ақтөбе облысының әкімі жаралы полицейлердің кез келген пансионатта емделуін қаржылай көтеруге уәде берді

Ақтөбе облысында Темір АІІБ қызметкерлері – полиция сержанты Нұрлан Алпысбай мен полиция аға сержанты Айдос Боранбаевты, «Арлан» арнайы жасақ жауынгері, полиция аға лейтенанты Руслан Жолдыбаевты, арнайы мақсаттағы «Сұңқар» жасағының бөлімше бастығы, полиция майоры Айболат Иманбаевты өлтірген қылмыскерлерді іздестіру және ұстау шаралары ақталды.

  • 12 Шiлде 2011
  • 385
Фото - Caravan.kz

Шара барысында қаза болған қызметкерлердің отбасыларына облыс әкімі Елеусін Сағындықов көңіл айтып, қажет материалдық көмекті көрсетті.

Дүйсенбі күні аймақ басшысы ЖМЖА-да емделіп жатқан жаралы 4 қызметкерге барып шықты.

«Сіздер өздерініңіздің азаматтық борыштарыңызды толығымен атқарып шықтыңыздар. Біз сіздердің тезірек сауығып кетулеріңізге қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Егер денсаулықты қалпына келтіруге отандық не, шетелдік емханаларда емделу қажеттігі туындаса, біз кел келген көмегімізді көрсетеміз», — деп аймақ басшысы атап көрсетті.

Одан басқа облыс әкімі жаралылардың әрқайсысына еліміздің кез келген пансионатындағы емделуін қаржылай көтеретіндігін айтты.

Бұрын хабарланғандай, полицейлерді өлтірген деп күдіктелгендердің орнын анықтау барысында, ҚР ІІМ-нің арнайы мақсаттағы «Сұңқар» және «Беркут» бөлімшелерінің жүргізген оперативтік шаралары барысында арнайы жасақтың екі жауынгері қаза болып, төртеуі жараланып, жедел медициналық жәрдем ауруханасында (ЖМЖА) емделіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар