Әсет Қалиев өлген соң ішкі ағзасын өзге науқастардың қажетіне жаратуға келісім беріп, әріптестеріне қолхат жазған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Ең қызығы, мұндай құжат толтырмаса да мәйіттен ағза алуға болатынын бұған дейін шенеуніктердің өздері түсіндірген. Ал дауға себеп болған Серікболсын Көшербай есімді жас жігіттің екі бүйрегі. Төбелес кезінде басынан зақым алып қайтқан марқұмның ішкі ағзасын жергілікті дәрігерлер басқа науқасқа салып берген. Кейін рұқсат сұрамады деп марқұмның жақындары дау шығарған болатын. Олар тіпті облыстық денсаулық сақтау басқармасын сотқа беріп, миллион теңге моралдық шығын талап етуде.