Ақтөбе облысының басшылығы мүгедек балаларға қосымша жәрдемақы төлемекші - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысының басшылығы  мүгедек балаларға қосымша жәрдемақы төлемекші

Ақтөбе облысының басшылығы мүгедек балаларға қосымша жәрдемақы төлемекші

АҚТӨБЕ. 12-маусым. Kazakhstan Today. Ақтөбе облыстық билігі 16 жасқа толмаған мүгедек балаларға қосымша жәрдемақы төлемекші. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Ақтөбе облыстық әкімшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 12 Маусым 2007
  • 403
Фото - Caravan.kz

Облыс әкімінің баспасөз хатшысының айтуынша, мүгедек балалар мемлекет төлеп отырған жәрдемақының сыртында қосымша 3 мың теңге алатын болады. «Облыстық бюджеттен төленетін қосымша төлемақылар 1-шілдеден бастап осы жылдың аяғына дейін төленеді»,- деді баспасөз хатшысы. Оның айтуынша, қазіргі жағдаймен Ақтөбе облысында 1435 мүгедек бала бар.

Сонымен бірге ертеректе облыстық бюджет Ұлы отан соғысының ардагерлері, олардың жесірлері мен интернационалист-жауынгерлердің коммуналдық қызмет ақысын өз мойнына алған болатын. «Олар ыстық су, жылу, абоненттік телефон байланысы, кәріз жүйесі мен газдың төлемінен өмір бойы босатылды»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті