Ақтөбе облысының басшылығы шетелдік инвесторларды индустриалды жобаларды орындауға қатысуға шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысының басшылығы шетелдік инвесторларды индустриалды жобаларды орындауға қатысуға шақырды

Ақтөбе облысының басшылығы шетелдік инвесторларды индустриалды жобаларды орындауға қатысуға шақырды

Ақтөбе облысының басшылығы АҚШ, Ұлыбритания, Канада және Финляндия елшіліктерінің өкілдерімен кездесу барысында осы елдердің инвесторларын аймақтағы бірқатар индустриалды жобаларға қатысуға шақырды.

  • 24 Маусым 2011
  • 417
Фото - Caravan.kz

«Ол үшін барлық жағдай жасалған, инвестициялық климат қолайлы, барынша мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Металлургияда біз тот баспайтын болат өндіру жөніндегі зауыт салу жобасын, химия саласында кальций содасын шығару жөніндегі зауытты салу және құрылыс индустриясында басқа да көптеген жобаларды ұсынамыз», деді облыс әкімінің орынбасары Роза Кемалова Ақтөбеде дипломаттармен кездесу барысында.

Оның деректеріне қарағанда, Қазақстанда 2010 жылы ауқымды индустрияландыру басталған, Ақтөбе облысы инвестициялық жобаларды орындау және инвестицияларды тарту жағынан сөз жоқ лидер болып отыр, облыс аумағында шетелдік қатысы бар 500-ден аса бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді.
«Экономикалық әлуеті жағынан айтар болсақ, сыртық сауда айналымы жылына 7 миллиард АҚШ долларын құрап отыр және ол одан да әрі арта түспек, мысал ретінде алар болсақ, бұл Армения, Қырғызстан, Молдова және Тәжікстан секілді елдердің қоса алғандағы айналымы», деді ол.

Соңғы жаңалықтар