Ақтөбе облысының ІІД полицейлерді өлтіргендер туралы ақпарат үшін $100 мың ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысының ІІД полицейлерді өлтіргендер туралы ақпарат үшін $100 мың ұсынды

Ақтөбе облысының ІІД полицейлерді өлтіргендер туралы ақпарат үшін $100 мың ұсынды

Ақтөбе облысының ішкі істер департаменті (ІІД) полицейлерді өлтірген қылмыскерлер туралы ақпарат үшін $100мың ұсынып отыр, деп мәлім етті ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Алмат Иманғалиев.

  • 4 Шiлде 2011
  • 598
Фото - Caravan.kz

«Құпиялылыққа кепілдік береміз. Бұдан басқа, егер ақпарат шындыққа сәйкес келсе, қылмыскерлерді ұстаған соң ақпарат авторына 100 мың доллар төленеді», — деп атап көрсетті баспасөз қызметінің жетекшісі.

Оның айтуынша, аса ауыр қылмыс жасағаны үшін алты күдікті іздестіріліп жатыр – Темір ауданы Шұбаршы ауылының тумалары ағайынды Мәмбетовтар – 25 жастағы Ақылбек пен 27 жастағы Тоқтарбек, 22 жастағы Бектемір Оразов пен 43 жастағы Қуаныш Әлімбетов.

Сондай-ақ, Темір ауданы Кеңқияқ ауылының тумасы 23 жастағы Мирас Қаражановтың, Темір ауданы Сарыкөл ауылының тумасы 23 жастағы Айбек Жамағазиннің тәртіп сақшыларын өлтіруге қатысы бар деп күдіктеліп отыр.

«Аса қауіпті қылмыскерлерді ұстау үшін Ақтөбе облысы ІІД-нің, ІІМ ішкі әсерлерінің, «Сұңқар» арнайы бөлімшесінің жеке құрамы (ІІМ арнайы жасағы — ҚазТАГ), «Бүркіт» (ІІМ ішкі әскерлерінің арнайы жасағы-ҚазТАГ), «Арлан» (ІІД арнайы жасағы -ҚазТАГ) және Жедел әрекет етуші арнайы отряд (СОБР — ҚазТАГ) тартылып отыр. Сонымен бірге, бұл шараны өткізу үшін қажет техника мен авиация бөлінді», – делінген ІІМ-нің ресми ақпаратында.

Полиция Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қостанай және Қызылорда облысының халқына аталған адамдар туралы ақпарат болса, келесі телефондарға хабарласуларын сұрайды: (7132) 51-46-08 (Ақтөбе облысы ІІД кезекші бөлімінің телефоны), (7132) 51-09-67 (жұмыс тобының телефоны) немесе 102.

Еске сала кетейік, 30 маусымда сағат 20 шамасында Темір АІІБ Кеңқияқ полиция тірек бекетінің патрульдік-бекеттік қызметінің сержанттары Нұрлан Алпысбай мен Айдос Боранбаев УАЗ көлігімен Темір ауданының Шұбаршы ауылында патрульдеу кезегіне кіріскен.

«4 сағат өтпей жатып Шұбаршы ауылындағы тірек бекетіне А. Мәмбетовтың Mitsubishi Delica көлігімен белгісіз біреулер келген. Олар қызметтік көлікке белгісіз қарудан оқ жаудырып, қылмыс орнынан қашып кеткен. Осының нәтижесінде Н. Алпысбай мен А. Боранбаев оқиға орнында көз жұмды.

Тәртіп сақшыларын өлтіру фактісі бойынша ҚР ҚК 96 б. 2 б. «екі және одан да көп кісіні өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Өткен жексенбі күні тәртіп сақшыларын өлтірді деген күдіктілерді ұстау операциясы кезінде арнайы жасақтың бір қызметкері қаза болып, үшеуі жарақат алған.

Соңғы жаңалықтар