Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлері лаңкестерді әлі де іздестіріп жатыр, — деп хабарлайды caravan.kz тілшісі.
Жергілікті полиция үш адамның суреттерін жариялап, жан-жаққа таратуда. Олардың 5, 6 маусымда болған лаңкестік әрекеттерге қатысы бар екен. Іздестіріліп жатқан үшеу мыналар (жоғарыдағы суретте солдан оңға қарай):
1. Таңатаров Арсен Нұрланұлы, 23.10.1990 жылы туған, қазақ, Ақтөбе, Қарғалы ауылының тумасы.
2. Қуанышбаев Бақыт Бектайұлы, 12.07.1983 жылы туған, қазақ, Қызылорда облысы Сырдария ауданының тумасы.
3. Ақпанбетов Әлібек Даниярұлы, 19.06.1989 жылы туған, қазақ, Ақтөбе облысының тумасы.
Ақтөбе облысы ІІД-нің мына телефондарына хабарласуға болады: 8 (7132) 93-61-00, 93-61-18, 51-38-37 немесе 102.