Ақтөбе облысының сыртқы сауда айналымы 4,5 млрд. долларға дейін артады - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысының сыртқы сауда айналымы 4,5 млрд. долларға дейін артады

Ақтөбе облысының сыртқы сауда айналымы 4,5 млрд. долларға дейін артады

2005-жылы Ақтөбе облысының сыртқы сауда айналымы 40 процентке артып, 4,5 млрд. долларға жетеді. Соның ішінде экспорт ауқымы 3,5 млрд. доллар, импорт 1 млрд. долларды құрамақ. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық экономика және бюджетті жоспарлау департаментінен хабарлады.

  • 24 Ақпан 2005
  • 516
Фото - Caravan.kz

Департамент төрағасы Серік Орынбаевтың айтуынша, бұрынғыдай, сыртқы сауда айналымының көлемін мұнай, ферроқорытпалар мен хром тұздарының есебінен арттыру көзделіп отыр. Ол үшін «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» ААҚ, «Қазхром» ҰК» АҚ-ның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын Ақтөбе ферроқорытпа зауыты мен «Ақтөбе хром тұздары зауыты» ААҚ биыл өнім экспортын 1,5 есе арттыруы тиіс.

С.Орынбаевтың айтуынша, аймақта сыртқы-экономикалық алыс-беріс саласында оңды қарқын қалыптасты. 2004-жылы облыстың сыртқы сауда айналымы былтырғы жылғы көрсеткішен 1,6 есе артып, 3,2 млрд. доллар болды. Аймақтағы шаруашылық субьектілері 83 елмен сыртқы сауда саласында байланыс орнатқан. Олар өз өнімдерін 51 мемлекетке экспорттайды. Ал облысқа 74 мемлекеттен тауар импортталады.
678 мың тұрғыны бар Ақтөбе облысы донор-аймақ болып табылады.

Перейти к новостям спорта