Жарияланды: 320

Ақтөбе облысының тұрғыны автобус жүргізушісінен өтемақы өндіріп алатын болды

Ақтөбе соты қала тұрғынының «А» ЖШС-не қатысты шағымын қанағаттандырды.

Облыстық соттың хабарлауынша, енді жауап беруші шағымданушыға материалдық шығын ретінде 62 мың 155 теңге және 250 мың теңге моральдық шығын төлеуі тиіс. Азаматтық іс материалдарына сүйенсек, биылғы жылдың маусым айында асыққан автобус жүргізушісі жолаушыларды түсірер-түсірместен, есікті жаппай жүріп кеткен. Көліктің қатты жүргені соншалық, салондағы әйелдердің бірі есіктен түсіп қалыпты. Сот шешімі бойынша автобус жүргізушісі 25 тәулікке қамалып, бір жарым жыл көлік жүргізу құқынан айырылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін