Төрт күннің ішінде заң бұзушылықтың 1732 дерегі анықталды, деп хабарлайды Patrul.kz.
«Оның ішінде 44 көлік жүргізуші көлікті ішімдік ішкен күйінде жүргізгені үшін әкімшілік жауакершілікке тартылған.Сондай-ақ, 68 тұрғынның көлік жүргізушісі куәлігінен айырылса да,көлікті басқарғандығы анықталды. Және 6 автокқөлікті куәліксіз мас күйінде жүргізгендігі де мәлім болды. Ал, екі тұрғын көлікті заңсыз ,яғни мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз жүргізгені анықталды», — делінген Ақтөбе облысы полициясының берген ақпаратында.
Бұл іс шаралар облыс аумағында жол ережелерін бұзу фактілерін азайтып, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталып отыр.